Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Ломоносов атындағы №38 Қазақстан-Ресей гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 247-56-66
Есепші бөлімі:
+7 (727) 302-17-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
қаңтар
2025

Сапалы тамақтану-денсаулық, кепілі!

Құрметті ата-аналар мен оқушылар!

Мектептерде тамақтану сапасын бақылау және оқушылардың денсаулығын қорғау мақсатында бракераждық комиссиялар жұмыс істейді.

Бракераждық комиссия дегеніміз не?
Бұл комиссия мектеп асханасында ұсынылатын тағамдардың сапасын, гигиеналық нормаларға сәйкестігін және санитарлық талаптардың орындалуын қадағалайтын арнайы топ. Оның құрамына мектеп әкімшілігі, атап айтқанда директордың орынбасары, әлеуметтік педагог, медицина қызметкері және ата-аналар өкілдері кіреді.

Комиссияның негізгі міндеттері:

  • Асханадағы тағамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Ас мәзірінің бекітілген стандарттарға сәйкес болуын тексеру;
  • Тағамдардың дайындалу және сақтау шарттарын бақылау;
  • Ата-аналар мен оқушылардан кері байланыс жинау.

Бұл жұмыс апта сайын тұрақты түрде жүргізіледі.
Біз үшін балаларымыздың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру өте маңызды. Осыған байланысты әрбір ата-ана бұл жұмысқа белсене қатысып, өз үлесін қосуы қажет. Үйде пайдалы өнімдер мен тағамдар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы балалардың дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырайық.

Сапалы тамақтану – денсаулық кепілі!