«Үздік цифрлық директор» және «Үздік цифрлық педагог» қалалық байқауы
Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мен eData.kz компаниясы бірлесе отырып, онлайн форматта «Үздік цифрлық директор» және «Үздік цифрлық педагог» қалалық байқауын өткізетіндігін хабарлайды.
Байқауға тіркелу:
09 - 16 қазан 2025 жыл. (сағат 18.00-ге дейін)
Байқау жұмыстарын қабылдау:
16 - 31 қазан 2025 жыл. (сағат 18.00-ге дейін)
Жұмыстарды сараптама комиссиясының бағалауы:
01 - 14 қараша 2025 жыл.
Жеңімпаздарды жариялау: 20 қараша 2025 жыл.
Жеңімпаздарды марапаттау: 24 - 28 қараша 2025 жыл.
Тіркелу сілтемесі орта білім беру ұйымдарының директорлары үшін: https://forms.gle/clyiZPVhvdp2PNcY8.
Тіркелу сілтемесі педагогтер үшін:
https://forms.gle/4QjDAiXQoSupSV8G9
Байқауға Алматы қаласының мемлекеттік және жекеменшік орта білім беру ұйымдарының директорлары мен педагогтері қатыса алады.