23
желтоқсан
2024
"Бірге болайық" тақырыбында ашық сынып сағаты
Аудандық семинар аясында 6 "Д" сыныб жетекшісі Махсутова Арайлым Курманбековна "Бірге болайық" тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының басты мақсаты балаларға ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып, олармен осы бағытта жұмыс жасау болды. Тәрбие сағатында шағын көрме , ұлттық тағамдардан дастархан жасалды. Көрмеміздің ең құнды экспонаты ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басында жасалған Альбекова Альмираның арғы әжесінің (прапрабабушка) әшекей бұйымдары болды.
