Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Ломоносов атындағы №38 Қазақстан-Ресей гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 247-56-66
Есепші бөлімі:
+7 (727) 302-17-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
ақпан
2025

Аудандық семинар

2025 жылдың 4 ақпанында МИФ кафедрасының "Оқушылардың математика, информатика және физика пәндеріне қызығушылығын арттыру үшін ЖИ мүмкіндіктері" атты аудандық семинары өтті. Семинардың мақсаты: МИФ пәндерін базалық және терең деңгейде оқитын оқушылармен мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін, әдістемелік және практикалық дағдыларын дамыту; қазіргі гимназияда оқушылардың математикалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін платформалардың формалары мен түрлерімен танысу; балаларды жаратылыстану-математикалық бағыттағы зияткерлік жарыстарға қатысуға даярлауды жүзеге асыратын педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, балаларды жобалау және ғылыми-зерттеу қызметіне сүйемелдеу. Біздің мұғалімдер секцияларда пәндер бойынша ЖИ мүмкіндіктерін, тереңдетіп оқыту жағдайында трансформациялау мүмкіндігін көрсетті, білім беру бағдарламасының тақырыптары бойынша әдістемелерді интеграциялау мүмкіндіктерімен таныстырды.
Бағдарламаға қатысушылар балаларды қолдау және сүйемелдеу үшін шығармашылық орта құруға мүмкіндік беретін білім, дағдылар алды.