18
наурыз
2025
Ұлы Жеңістің 80-жылдығы
6”Д” сыныбында ҰОС жеңістің 80 жылдығына орай “Менің атам Батыр“ айдарымен “Ғасырдың қайталанбас сынығы” тақырыбында Батыр аталарымызға арналған ашық сынып сағаты өтті. Ашық сынып сағатына Халық хаһарманы, партизан-жазушы Қасым Қайсенов атамыздың ұрпақтары Ерасыл және Адина Қайсеновтар аналары Айгеріммен және өмірінің соңғы кездеріне дейін Батыр атамызға шығармашылық көмек көрсеткен Еркін Нұразхан ағамыз қонаққа келді. Бұл кездесудің оқушыларға берері мол болды, себебі балаларға ұлтжандылық, ұрпақ сабақтастығы мен Батыр тұлғаларымызды дәріптеу, үлгі ету, құрмет көрсету тұрғысынан тәрбиелік маңызы зор болды десек қателеспеген болармыз. Жазушы, карикатура майталманы Еркін ағамыз мектеп кітапханасына өз туындыларынан екі кітабын сыйға тартты.
Еркін Нұразхан суретші кітап мұқабасына Қасым Қайсеновтың суретін белгілеп, оқушыларға мән-мағынасын түсіндірді. Оқушылармен кездесу сәтті өтті!
https://www.instagram.com/p/DHVn8pnIUmk/
Еркін Нұразхан суретші кітап мұқабасына Қасым Қайсеновтың суретін белгілеп, оқушыларға мән-мағынасын түсіндірді. Оқушылармен кездесу сәтті өтті!
https://www.instagram.com/p/DHVn8pnIUmk/