Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Ломоносов атындағы №38 Қазақстан-Ресей гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 247-56-66
Есепші бөлімі:
+7 (727) 302-17-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ата-ана-оқушы-мұғалім-іс-әрекеттегі мейірімділік пен ұлттық құндылықты нығайлудың кепілі" атты қалалық семинар
29
қаңтар
2024

"Ата-ана-оқушы-мұғалім-іс-әрекеттегі мейірімділік пен ұлттық құндылықты нығайлудың кепілі" атты қалалық семинар

Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ұйымдастырған “Ата-ана-оқушы-мұғалім - іс-әрекеттегі мейірімділік пен ұлттық құндылықты нығайтудың кепілі” атты қалалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинардың мақсаты: ата-ана-оқушы-мұғалім байланысы арқылы оқу процесіндегі ұлттық құндылықты нығайту мен дәріптеу. Семинарды гимназиямыздың директоры Досаева Гулжан Досаевна ашып берді. Семинарға педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ХПБҒА академигі Оразбаева Фаузия Шамсиқызы, ата-аналар және қаланың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері келді. Тәжірибе алмасу мақсатындағы өткен қалалық семинардың бағдарламасына сәйкес тренингтер, сахналық көрініс, қызықты ойындар, танымдық жағдаяттық сұрақтар қойылып, семинар қонақтары белсене қатысып,гимназиямыздың талантты оқушылары мың бұралып, күмбірлеген күймен құлақтың құрышын қандырып,әсем әуенмен әуеледі. “Үштіктің өзара тығыз қарым-қатынасы арқылы ұлттық құндылықты дамыту , баланың бойына сіңіруді мұрат еткен семинар мақсатына жетті”,- деп сөзін түйіндеді Фаузия Шамсиқызы. Қазақ тілінде сөйлеп тұрған оқушылардың өнеріне сүйсінген семинар қонақтары мұны қазақ тілі кафедрасы мұғалімдерінің еңбегі деп әділ бағалады. Жас мамандарға әдістемелік қоржындарын толтырып, рухани азық болған семинар “Қазақ тілі” әнімен әдемі аяқталды.