Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Ломоносов атындағы №38 Қазақстан-Ресей гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 247-56-66
Есепші бөлімі:
+7 (727) 302-17-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
наурыз
2023

01.03.2023 жыл

М.В.Ломоносов атындағы 38 Қазақстан-Ресей гимназиясының білім ордасында "Заманауи ұстаздың кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігі: оқыту мен оқудағы әдістер мен тәжірибелер" атты қалалық ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинарға Алматы қаласының 8 ауданынан 52 мұғалім қатысты. Семинардың ашылуында гимназия директоры Досаева Гульжан Досаевна және қалалық ББЖТҒӘО-нан қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша әдіскер -
Шакретова Қаламқас Базарбаевна кіріспе сөзін айтып семинарды ашып берді. Семинарда тренинг, коучингтер, ашық сынып сағаты және ашық сабақтар заманауи үлгіге сай , ақпараттық технологияларды қолдана отырып өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері, тренер Бекетова Айжан Бекетқызы, Кужакова Света Бакитовна коучингтерде оқудағы кедергілерді анықтау, кедергілерді жеңу, тиімді сабақ құрудың жолдары, оқушылардың ішкі уәжін ояту және де тәжірибедегі озық әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Семинарға гимназия оқушылары да атсалысты. Сондай-ақ, ән айтылды, күй тартылды, би биленді. 38 гимназия ұстаздары Бекбосунова Ж.А., Көксеген Ж.К., Тоғызбаева Д.Е., Доспосынова Б.К.,Бұланбаева Б.К., Утеулиева А.С., Набиева Қ.А., Джумагалиева С.Е., Кадірбек Р.К , Налибаева А.Ә., ашық сабақтарында өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылармен қалай жұмыс істеу тиімді екенін көрсетті. Семинар соңында кері байланыс беріліп көптеген сұрақтар талқыланды. Семинарға келген ұстаздар білім қоржындарын жаңа идеялар мен әдіс-тәсілдермен толықтырып, алғыстарын айтып кетті. Семинар жоғары деңгейде өтті.