Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Ломоносов атындағы №38 Қазақстан-Ресей гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 247-56-66
Есепші бөлімі:
+7 (727) 302-17-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
шілде
2022

«Суретшілер апталығы»














Алматы қаласы білім басқармасының «М.В.Ломоносов атындағы №38 Қазақстан-Ресей гимназиясы» КММ, биылғы жылдың 28 шілдесінде Жазғы лагерь аясында Бостандық ауданының мектептері арасында «Суретшілер апталығы» өтті.

Гимназиямызда «Оригами», «Асфальтта сурет салу», «Қолөнер» бағытында шеберлік сағаты және «Кітап көрмесі» ұйымдастырылды. Шараға 26 мектептен 84 бала қатысты.

Бостандық ауданының білім бөлімінің басшысы Қасымбек Айгүл Жұмабекқызы мен гимназияның директорының м.а. Джумагалиева Самал Едресқызының қатысуымен өткен шарамыз оқушылардың үлкен қызығушылығы мен белсенділігін тудырды. Жас өнерпаздар әртүрлі бағытта өз шеберлігін танытты.

Жетекшілер: Денисова Алла Викторовна, Кобрина Алла Александровна, Махамбет Азамат Махамбетұлы, Аяпбергенова Бақытгуль Урынбаевна.